Күнтізбе

Мұсылман күнтізбесі 2027

Негізгі діни күндер ҚМДБ-ның алдын ала күнтізбесі бойынша (қазан, 2026). Қажылықтан кейінгі күндер — халықаралық есеп, ҚМДБ кейін нақтылайды.

2027 жылғы күндер

  1. 22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түн ҚМДБ, алдын ала

    Бараат түні

    Шағбан айының 15-і — кешірім мен дұға түні. Рамазанға дайындықтың басы.

  2. 8 ақпан – 8 наурыз ҚМДБ, алдын ала

    Рамазан айы

    Бірінші тарауих — 7 ақпан кешінде, бірінші сәресі — 8 ақпан таңында. Ай 29 немесе 30 күнге созылады.

    Ораза 2027 туралы толығырақ
  3. 5 наурыздан 6 наурызға қараған түн ҚМДБ, алдын ала

    Қадір түні

    Құран түскен түн — мың айдан қайырлы. Рамазанның 27-түні.

  4. 9 наурыз ҚМДБ, алдын ала

    Ораза айт

    Рамазанның аяқталуы. Пітір садақасы айт намазына дейін беріледі.

  5. 15 мамыр Құрбан айт қарсаңы

    Арафа күні

    Қажылықтың басты рүкіні — Арафатта тұру. Қажылыққа бармағандарға бұл күні ораза ұстау — сүннет.

    Қажылық 2027
  6. 16–18 мамыр ҚМДБ, алдын ала

    Құрбан айт

    Құрбандық шалу күндері. Бірінші күні — Қазақстанда демалыс.

    Қажылық 2027
  7. ≈ 5 маусым халықаралық есеп

    Һижри жаңа жылы (1449)

    Мұхаррам айының басы. Осыдан кейін жаңа умра маусымы ашылады.

  8. ≈ 14 маусым халықаралық есеп

    Ашура күні

    Мұхаррамның 10-ы. Бұл күні және оның алдындағы немесе кейінгі күні ораза ұстау сүннет.

  9. ≈ 14 тамыз халықаралық есеп

    Мәуліт

    Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ дүниеге келген күн, рабиғул-әууәлдің 12-сі.

Умра маусымы

2027 жылы умраға қашан баруға болады

Шамамен наурыздың соңынан маусымның ортасына дейін Сауд Арабиясы умра визаларын бермейді — қажылық маусымы. Қалған айлардың бәрі ашық: ең жайлысы — қараша–ақпан.

Сұрақтар

Күнтізбе туралы сұрақтар

Жауабын таппасаңыз — жазыңыз, бір адам жауап береді, бот емес.

Сұрақ қою
Ораза айт 2027 қашан?

ҚМДБ күнтізбесі бойынша — 9 наурыз 2027.

Құрбан айт 2027 қашан басталады?

ҚМДБ күнтізбесі бойынша — 16–18 мамыр 2027. Арафа күні — 15 мамыр.

Қажылық 2027 қашан?

Қажылық күндері — зұлхижжаның 8–13-і, яғни шамамен 14–19 мамыр 2027. Qazaq Sapar бағдарламалары: Standard — 9–23 мамыр, $6 500; Comfort Hajj — 7–20 мамыр, $7 900-ден; Sheraton Luxe — 7–20 мамыр, $15 000-нан.

Күндер неге өзгеруі мүмкін?

Ислам күнтізбесі айға негізделген: ай жаңа айдың көрінуімен басталады, сондықтан күн бір күнге ерте не кеш болуы мүмкін. Нақты күнді ҚМДБ хабарлайды.

Пайғамбар мешітінің ауласындағы шатыр-қолшатырлар

Байланыс

Сапарыңызды бүгін бастаңыз

Құрастырушыда 2 минутта жоспар жасаңыз немесе бірден жазыңыз — Асхат пен Qazaq Sapar командасы жауап береді.

Асхат Турганбаев Асхат Турганбаев Qazaq Sapar негізін қалаушы · @askhatturganbaev

Күн сайын 10:00–18:00 · сапар кезінде — тәулік бойы

Қайта қоңырау шалайық па?

Қашан ыңғайлы?
Сұрақ қою