Дайындық
Умра қалай жасалады — жеті қадам
Қысқа әрі түсінікті жадынама: рәсімдер, дұға, құжаттар және жол тізімі. Толық түсіндірмені сапар алдындағы кездесуде ұстаз береді.
Рәсімдер
Умраның жеті қадамы
Умраның өзі шамамен 3–4 сағат алады. Қалған күндер — Харамдағы ғибадат пен зиярат.
- 1
Ниет және ихрам
МиқаттаЕрлер — тігілмеген екі ақ мата (изар мен рида), әйелдер — денені жабатын кең киім, беті мен қолы ашық. Алдын ала ғұсыл аласыз, миқатта ниет етесіз. Ихрамға кіргеннен кейін иіс су, шаш пен тырнақ алу болмайды.
- 2
Тәлбия
ЖолдаИхрамнан кейін Меккеге жеткенше тәлбияны жиі қайталайсыз — ерлер дауыстап, әйелдер ақырын.
لَبَّيْكَ اللَّهُمَّ لَبَّيْكَ، لَبَّيْكَ لَا شَرِيكَ لَكَ لَبَّيْكَ، إِنَّ الْحَمْدَ وَالنِّعْمَةَ لَكَ وَالْمُلْكَ، لَا شَرِيكَ لَكَ
Ләббәйк, Аллаһумма ләббәйк. Ләббәйк, ләә шәрикә ләкә ләббәйк. Иннәл-хамдә уан-ниғмәтә ләкә уал-мулк. Ләә шәрикә ләк.
Міне, шақыруыңа келдім, Аллаһым! Сенің серігің жоқ. Барлық мадақ, нығмет және билік — Сенікі. Сенің серігің жоқ.
- 3
Тәуап
Қағбаның айналасындаҚара тас тұсынан бастап Қағбаны сағат тіліне қарсы жеті рет айналасыз. Ерлер алғашқы үш айналымда оң иықты ашып, сәл жылдам жүреді. Әдетте 1–2 сағат алады.
- 4
Екі ракағат намаз
Мақам Ибраһим маңындаТәуаптан кейін Мақам Ибраһимнің артында немесе Харамның кез келген бос жерінде екі ракағат намаз оқисыз.
- 5
Зәмзәм
ХарамдаЗәмзәм суын ішіп, дұға жасайсыз — су Харамның барлық жерінде бар.
- 6
Сағи
Сафа мен Мәруа арасыСафа төбесінен бастап Мәруаға дейін жеті рет жүресіз — Сафадан Мәруаға бір рет саналады. Жалпы шамамен 3 км, жасыл шамдар арасында ерлер жеңіл жүгіреді.
- 7
Шаш алу
Сағиден кейінЕрлер шашын алдырады немесе қысқартады, әйелдер шаш ұшынан саусақ буынындай кеседі. Умра аяқталды — ихрам тыйымдары алынады.
Жол тізімі
Белгілеп отырыңыз — тізім осы құрылғыда сақталады
Денсаулық
Сапарды жеңіл өткізу үшін
-
Ыстық
Көп су ішіңіз, түскі ыстықта (12:00–16:00) демалыңыз, басыңызды күннен қорғаңыз.
-
Көп жүру
Күніне 10–15 мың қадам — қалыпты жағдай. Сапарға дейін біраз жаяу жүріп үйреніңіз.
-
Созылмалы ауру
Дәрігермен кеңесіп, дәріні бүкіл сапарға жететіндей алыңыз — қолжүкке.
-
Суық тию
Ыстық көше мен салқын мешіт арасындағы айырмашылық — суық тиюдің жиі себебі.
Сөздік
Сапарда жиі еститін сөздер
- Ихрам
- Қажының ерекше күйі және киімі. Ихрамда кейбір әрекеттерге тыйым салынады.
- Миқат
- Ихрамсыз өтуге болмайтын шекара. Мәдинадан келгенде — Зул-Хулайфа.
- Тәлбия
- «Ләббәйк» деп басталатын қажының сөзі.
- Тәуап
- Қағбаны жеті рет айналу.
- Сағи
- Сафа мен Мәруа арасында жеті рет жүру.
- Зиярат
- Қасиетті және тарихи жерлерге бару.
- Рауза
- Пайғамбар мешітіндегі ерекше орын. Кіру — Nusuk қосымшасы арқылы.
- Nusuk
- Сауд Арабиясының ресми қосымшасы: Раузаға жазылу, рұқсаттар.
Сұрақтар
Жиі қойылатын сұрақтар
Жауабын таппасаңыз — жазыңыз, бір адам жауап береді, бот емес.
Сұрақ қоюҚандай құжаттар керек?
Шетелге шығу паспорты (сапардан кейін кемінде 6 ай жарамды), ақ фондағы фото, балаларға — туу туралы куәлік. Визаны өзіміз рәсімдейміз.
«1 жылдық виза» дегеніміз не?
Сауд Арабиясының туристік электронды визасы бір жыл бойы жарамды және бірнеше рет кіруге мүмкіндік береді. Бізбен барып, бір жылдың ішінде қайта барғыңыз келсе — $150 жеңілдік жасаймыз.
Әйел адам махрамсыз бара ала ма?
Сауд Арабиясының қазіргі ережесі бойынша 18 жастан асқан әйелдерге махрамсыз умра визасы беріледі. Мәселенің шариғи жағын біздің теолог маманымызбен жеке талқылауға болады — көбіне әйел туысымен немесе отбасылық топпен бару ұсынылады.
Балаларды алып баруға бола ма?
Иә, умраға балалармен баруға болады. Қыс айларын, отбасылық нөмірді және демалыс уақыты бар бағдарламаны ұсынамыз.
Екпе керек пе?
Қажылыққа менингококқа қарсы (ACWY) екпе міндетті. Умраға талаптар маусымға қарай өзгеруі мүмкін — сапар алдында қазіргі талапты нақты айтамыз. Созылмалы ауруы барлар дәрігермен кеңескені жөн.
Күніне қанша жүруге тура келеді?
Тәуап пен сағи бірге — шамамен 5–7 км, ал күнделікті намазға бару да біраз жол. Жүру қиын болса — Харамға жақын қонақ үй мен арба таңдаңыз, біз көмекші береміз.
Байланыс
Сапарыңызды бүгін бастаңыз
Құрастырушыда 2 минутта жоспар жасаңыз немесе бірден жазыңыз — Асхат пен Qazaq Sapar командасы жауап береді.