Ораза 2027

Ораза 2027: қашан басталады?

ҚМДБ-ның алдын ала күнтізбесі бойынша (қазан, 2026). Діни күндер жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күнге жылжуы мүмкін — нақтысын ҚМДБ хабарлайды.

Рамазанда умра
Басталуы
8 ақпан
Қадір түні
5→6 наурыз
Ораза айт
9 наурыз
— күн оразаға дейін
— күн Ораза айтқа дейін

Санақ Астана уақыты бойынша жүреді.

Күндер

Рамазан 2027 — күн бойынша

  1. 22→23 қаңтар

    Бараат түні

    Рамазанға дайындықтың басы.

  2. 7 ақпан, кеш

    Бірінші тарауих

    Рамазанның бірінші түні.

  3. 8 ақпан

    Рамазанның бірінші күні

    Бірінші сәресі — таң алдында.

  4. ≈ 27 ақпан

    Соңғы он түн

    Ғибадат пен иғтикәф уақыты, Қадір түні осы түндердің ішінде.

  5. 5→6 наурыз

    Қадір түні

    Құран түскен түн — мың айдан қайырлы. Рамазанның 27-түні.

  6. 8 наурыз

    Соңғы ораза күні

    Пітір садақасын айтқа дейін беріп үлгеріңіз.

  7. 9 наурыз

    Ораза айт

    Айт намазы және мереке.

Дұғалар

Сәресі мен ауызашар дұғасы

Сәресі · ниет

نَوَيْتُ أَنْ أَصُومَ صَوْمَ شَهْرِ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى

Нәуәйту ән асума саума шәһри Рамаданә минәл-фәжри иләл-мағриби халисан лилләһи таъала.

Таңнан күн батқанға дейін Алла разылығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім.

Ауызашар

اللَّهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَبِكَ آمَنْتُ وَعَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ وَعَلَى رِزْقِكَ أَفْطَرْتُ

Аллаһумма ләкә сумту уә бикә әмәнту уә ъаләйкә тәуәккәлту уә ъалә ризқикә афтарту.

Аллаһым! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман еттім, Саған тәуекел еттім және Сенің берген ризығыңмен ауыз аштым.

Ораза кестесін (сәресі мен ауызашар уақыты) әр қала бойынша ҚМДБ жариялайды — muftyat.kz.

2027 жылғы басқа күндер

  • Арафа күні 15 мамыр Құрбан айт қарсаңы
  • Құрбан айт 16–18 мамыр ҚМДБ, алдын ала
  • Һижри жаңа жылы (1449) ≈ 5 маусым халықаралық есеп
  • Ашура күні ≈ 14 маусым халықаралық есеп
  • Мәуліт ≈ 14 тамыз халықаралық есеп
Мұсылман күнтізбесі 2027

Сұрақтар

Ораза 2027: сұрақтар

Жауабын таппасаңыз — жазыңыз, бір адам жауап береді, бот емес.

Сұрақ қою
Ораза 2027 қашан басталады?

ҚМДБ-ның алдын ала күнтізбесі бойынша 2027 жылы Рамазан айы 8 ақпанда басталады. Бірінші тарауих — 7 ақпан кешінде, бірінші сәресі — 8 ақпан таңында.

Ораза 2027 қашан аяқталады?

Соңғы ораза күні — 8 наурыз, Ораза айт — 9 наурыз. Рамазан 29 немесе 30 күнге созылады, сондықтан күн бір күнге жылжуы мүмкін.

Қадір түні 2027 қай күні?

ҚМДБ күнтізбесі бойынша — 5 наурыздан 6 наурызға қараған түн.

Ораза кестесін қайдан көруге болады?

Әр қала бойынша сәресі мен ауызашар уақытын ҚМДБ жариялайды (muftyat.kz). Кесте шыққан соң оны осы бетке де қосамыз.

Рамазанда умраға баруға бола ма?

Иә, Рамазандағы умраның сауабы ерекше. Соңғы он түнге Харамға жақын қонақ үйлер ерте бітеді — 3–4 ай бұрын жоспарлаған дұрыс.

Пайғамбар мешітінің ауласындағы шатыр-қолшатырлар

Байланыс

Рамазанды Меккеде өткізгіңіз келе ме?

Рамазанның басына немесе соңғы он түніне умраны қазірден жоспарлайық — Харамға жақын қонақ үйлер ерте бітеді.

Асхат Турганбаев Асхат Турганбаев Qazaq Sapar негізін қалаушы · @askhatturganbaev

Күн сайын 10:00–18:00 · сапар кезінде — тәулік бойы

Қайта қоңырау шалайық па?

Қашан ыңғайлы?
Сұрақ қою