Кімге · Ата-анама

Ата-анаңызға умра — алаңсыз

Ата-ананы қасиетті сапарға жіберу — үлкен сауап. Біз сапарды олардың жасына, денсаулығына және қарқынына қарай жоспарлаймыз, ал сіз жолдың әр күнінен хабардар боласыз.

Біз не істейміз

Ата-анаңызды бізге сеніп тапсыра аласыз

  • Қонақ үй — Харамға жаяу 5 минуттан алыс емес: жасы үлкен адамға көп жүру ауыр.
  • Ұстаз умраны олармен бірге, қадам сайын атқарады.
  • Қажет болса — арба мен көмекші, тәуап пен сағиға арнайы.
  • Дәрілерін, ас мәзірін, күн тәртібін алдын ала жазып аламыз.
  • Сізге күн сайын қысқа хабар мен фото жібереміз.

Ата-аналарға алдымен Мәдинаны ұсынамыз: жол жұмсақ басталады, ихрамды миқатта асықпай киеді.

Мысал сапар · бағдарлы баға

Сапар мысалыQS-27-9244

Ата-анама · 2 ересек

Желтоқсан 2026 · 10 күн

  • Алғаш рет
  • Жасы үлкен қажы бар
  1. Алматы → МәдинаТікелей рейс
  2. Мәдина · 4 түнМешіттің қасында · 0–3 мин
  3. Мекке · 5 түнХарамға жаяу 5–10 мин
  4. Жеке көлік, жүргізушіменБөлмеде 2 адам

Ұстаз-гид · Мекке зияраты · Мәдина зияраты · Арба және көмекші · Кешкі ас

Бағдарлы бағабір адамға$2 650 – 3 350
Осы мысалды өзгерту

Сізді не алаңдатады

Жиі айтылатын алаңдар — және біздің жауабымыз

  • Көп жүре алмайды

    Харамға жақын қонақ үй, жеке көлік, тәуап пен сағиға арба. Бағдарламада күн сайын демалыс уақыты бар.

  • Тіл білмейді — адасып кете ме

    Ұстаз-гид әрқашан жанында, барлық жол бізбен. Телефонына жергілікті интернет қосып, біздің нөмірлерді сақтап береміз.

  • Денсаулығы көтере ме

    Ауа райы жұмсақ айларды ұсынамыз (қараша–ақпан), дәрілерін алдын ала тізімдейміз, сақтандыру визамен бірге рәсімделеді.

  • Ғибадатты дұрыс атқара ма

    Сапар алдында өздеріне жеке түсіндіреміз, кітапша береміз, ал умраның өзін ұстаз бірге атқарады.

Қашан барған дұрыс

2026/27 маусымының күнтізбесі

Ауа райы, адам саны және баға — ай бойынша. Айды таңдап, ерекшелігін оқыңыз.

  • Меккедегі күндізгі температура
  • Харамдағы адам саны
  • $$$Баға деңгейі

Қараша 2026

Ең қолайлы

Ыстық басылады, бағалар әлі төмен, Харам кеңірек. Алғаш баратындарға және ата-аналарға ең қолайлы ай.

Мекке
≈ 35°C
Мәдина
≈ 30°C
Адам саны
Адам аз
Бағалар
Төмен

Исламдық күндер (Рамазан, Арафат) — астрономиялық есеп, Умм әл-Құра күнтізбесі бойынша нақтыланады. Температура — орташа күндізгі максимум.

Сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Жауабын таппасаңыз — жазыңыз, бір адам жауап береді, бот емес.

Сұрақ қою
Қандай құжаттар керек?

Шетелге шығу паспорты (сапардан кейін кемінде 6 ай жарамды), ақ фондағы фото, балаларға — туу туралы куәлік. Визаны өзіміз рәсімдейміз.

Төлем қалай жасалады?

Шарт жасасқаннан кейін алдын ала төлем жасалады, қалғанын сапарға дейін төлейсіз. Нақты кестені сапар түріне қарай келісеміз.

Ата-анам біздің ешқайсымызсыз бара ала ма?

Иә. Ұстаз-гид умраны олармен бірге атқарады, барлық жол бізбен, қажет болса арба мен көмекші береміз. Сізге күн сайын хабар жіберіп отырамыз.

Екпе керек пе?

Қажылыққа менингококқа қарсы (ACWY) екпе міндетті. Умраға талаптар маусымға қарай өзгеруі мүмкін — сапар алдында қазіргі талапты нақты айтамыз. Созылмалы ауруы барлар дәрігермен кеңескені жөн.

Күніне қанша жүруге тура келеді?

Тәуап пен сағи бірге — шамамен 5–7 км, ал күнделікті намазға бару да біраз жол. Жүру қиын болса — Харамға жақын қонақ үй мен арба таңдаңыз, біз көмекші береміз.

Пайғамбар мешітінің ауласындағы шатыр-қолшатырлар

Байланыс

Сапарыңызды бүгін бастаңыз

Құрастырушыда 2 минутта жоспар жасаңыз немесе бірден жазыңыз — Асхат пен Qazaq Sapar командасы жауап береді.

Асхат Турганбаев Асхат Турганбаев Qazaq Sapar негізін қалаушы · @askhatturganbaev

Күн сайын 10:00–18:00 · сапар кезінде — тәулік бойы

Қайта қоңырау шалайық па?

Қашан ыңғайлы?
Сұрақ қою