Отбасымызбен · 2 ересек, 2 бала
Желтоқсан 2026 · 9 күн
- Алғаш рет
- Алматы → МәдинаТікелей рейс
- Мәдина · 3 түнМешітке жаяу 5–7 мин
- Мекке · 5 түнХарамға жаяу 5–10 мин
- Жеке көлік, жүргізушіменБөлмеде 4 адам
Ұстаз-гид · Мекке зияраты · Мәдина зияраты
Кімге · Отбасыммен
Балалармен баратын сапарды ересектердің кестесімен жоспарлауға болмайды. Біз күнді демалысқа, қонақ үйді отбасыға, бағдарламаны балалардың шамасына қарай таңдаймыз.
Біз не істейміз
Балалармен қыс айлары ең ыңғайлы: күндіз жылы, кешке салқын.
Мысал сапар · бағдарлы баға
Отбасымызбен · 2 ересек, 2 бала
Желтоқсан 2026 · 9 күн
Ұстаз-гид · Мекке зияраты · Мәдина зияраты
Сізді не алаңдатады
Балаларға ыстық болмай ма
Қыс айларын ұсынамыз: қараша–ақпанда Меккеде күндіз шамамен +30…+35°C, кешке салқын.
Балаларға қанша тұрады
Әдетте 2–11 жастағы балаға ұшу ересек бағасынан төмен, 2 жасқа дейін — символдық баға. Нақтысы рейске байланысты.
Мектептен қалай босатамыз
Күндерді демалысқа сәйкестендіреміз: желтоқсанның соңы — қаңтардың басы, наурыз мерекесі, жаз.
Қашан барған дұрыс
Ауа райы, адам саны және баға — ай бойынша. Айды таңдап, ерекшелігін оқыңыз.
Ыстық басылады, бағалар әлі төмен, Харам кеңірек. Алғаш баратындарға және ата-аналарға ең қолайлы ай.
Жайлы ауа райы. Айдың соңында мектеп демалысы басталады — отбасылар көбейеді, билеттерді ерте алған дұрыс.
Жылдың ең салқын айы: Мәдинада кешке +15°C-қа дейін түседі. Айдың басы — каникул, ортасынан бастап тыныш.
ҚМДБ күнтізбесі бойынша Рамазан 8 ақпанда басталады. Алғашқы 20 күн соңғы онкүндіктен әлдеқайда арзан, ал сауабы — Рамазандағы умра.
≈ 27 ақпан – 8 наурыз; Қадір түні — 5-тен 6 наурызға қараған түн (ҚМДБ). Харам ең толы, қонақ үйлер күзде-ақ бітеді — қазір жоспарлаңыз.
Ораза айттан (9 наурыз) кейін ≈ 24 наурызға дейін: бағалар түседі, адам азаяды. Одан кейін Сауд Арабиясы қажылыққа дайындалып, умраны уақытша жабады.
Умра визалары берілмейді: Мекке қажылық маусымына дайындалады.
Қажылық маусымы: Арафат күні — 15 мамыр, Құрбан айт — 16–18 мамыр (ҚМДБ). Бұл айда тек қажылар барады.
Айдың ортасынан бастап жаңа умра маусымы ашылады. Ыстық, бірақ Харамда адам аз, бағалар төмен.
Ең ыстық кезең: күндізгі жол — тек көлікпен. Жазғы демалыс болғандықтан отбасылар жиі таңдайды.
Ыстық, бірақ Харам кең. Тәуапты таңғы және түнгі салқын сағаттарға жоспарлаймыз.
Маусымның ең төменгі бағалары: ыстыққа шыдай алатындар үшін тиімді уақыт.
Ыстық біртіндеп басылады. Күзгі каникулға қысқа сапар жоспарлауға болады.
Сұрақтар
Жауабын таппасаңыз — жазыңыз, бір адам жауап береді, бот емес.
Сұрақ қоюЖеке умраны әдетте 2–3 аптада жинаймыз. Рамазанның соңғы он күніне — 3–4 ай бұрын, қажылыққа — шамамен бір жыл бұрын жоспарлаған дұрыс.
Шетелге шығу паспорты (сапардан кейін кемінде 6 ай жарамды), ақ фондағы фото, балаларға — туу туралы куәлік. Визаны өзіміз рәсімдейміз.
Иә, умраға балалармен баруға болады. Қыс айларын, отбасылық нөмірді және демалыс уақыты бар бағдарламаны ұсынамыз.
Тәуап пен сағи бірге — шамамен 5–7 км, ал күнделікті намазға бару да біраз жол. Жүру қиын болса — Харамға жақын қонақ үй мен арба таңдаңыз, біз көмекші береміз.
Байланыс
Құрастырушыда 2 минутта жоспар жасаңыз немесе бірден жазыңыз — Асхат пен Qazaq Sapar командасы жауап береді.