Мәдина · 7–9 мамыр
Waqf Al Safi / Emaar Al Mektan Hotel
Алғашқы күндері — орналасу, жолдан кейін тынығу және бейімделу, Пайғамбар мешіті ﷺ, зиярат және қажылық мектебі.
Қажылық 2027 · 7–20 мамыр · 14 күн
Comfort Hajj — көп жылғы тәжірибемізге сүйеніп жасалған бағдарлама: тек ұшу мен қонақүйді емес, қажының бүкіл жолын ойластырамыз. Мәдинадан бастаймыз, Меккеге жүрдек пойызбен барамыз, ал қонақүй, көлік және Минадағы лагерь алдын ала ойластырылған — күш-қуат құлшылыққа қалсын.
Кімге лайық
Ұзақ ұшудан кейін жаңа климатқа бейімделіп, жол шаршауын басасыз. Пайғамбарымыз ﷺ да Қоштасу қажылығына Мәдинадан аттанған.
Қажылық мектебінде амалдардың реті мен мән-мағынасын үйренеміз — парызды тек денемен емес, рухани да дайын болып өтеу үшін.
Мәдина → Мекке — жүрдек пойызбен, қала ішінде — Qaid жайлы автобустарымен: басты күндерге дейін артық күш жұмсамайсыз.
Maqbas Al Jinn ауданындағы Anan Hotel by Snood немесе осы аудандағы сондай деңгейдегі (3–4★) басқа қонақүй — шартта осылай жазылады.
Шатырлы қалашықта кондиционер, бөлгіштер, диван-төсек, үш мезгіл тамақ және жанында Qazaq Sapar кураторлары.
Қажылықтан кейін артық ұстамаймыз: бағдарламадағы алғашқы қолайлы рейспен үйге, отбасыңызға.
Бағасы
Толық төлем жасасаңыз — қомақты жеңілдік. Нақты мөлшерін менеджерден біліңіз.
Қонақүйлер
Біз үшін қонақүйдің санатымен қатар, оның қажылықтағы басты орындарға қатысты орналасуы да маңызды. Қонақүйлерде — 2, 3 не 4 адамдық бөлме және екі мезгіл тамақ, ал қажылықтың негізгі күндері — Минадағы шатырлы қалашық.
Мәдина · 7–9 мамыр
Алғашқы күндері — орналасу, жолдан кейін тынығу және бейімделу, Пайғамбар мешіті ﷺ, зиярат және қажылық мектебі.
Мекке
Осындай деңгейдегі қонақүйде орналастыруға кепілдік беріледі. Нақты атауы қажылық бағдарламасы бекітілген соң расталады.
Машаир күндері
Бұл кезеңге ерекше көңіл бөлеміз: қажылық күндері дене жүктемесі айтарлықтай артады. Сондықтан қажыларды жүктемеге алдын ала дайындап, демалыс, тамақ және сүйемелдеуді ойластырамыз.
Comfort Hajj Шатырлы қалашық
≈ 3–4 км жүктеме мен демалысты алдын ала жоспарлаймыз
Жүру қиын болса — Sheraton Luxe-ті қараңыз: ALIF лагері Жамаратқа ≈ 750 м, рұқсат етілген жерлерде — GMC.
Бағдарлама
Қажылық күндері — ҚМДБ-ның алдын ала күнтізбесі бойынша: Арафат 15 мамыр, Құрбан айт 16 мамыр. Күнтізбе 2027
7 мамыр
Мәдина әуежайында топты қарсы алып, жайлы автобуспен қонақүйге жеткіземіз. Жолдан кейін тынығу және бейімделу.
Қоштасу қажылығы ﷺ Пайғамбарымыз ﷺ Қоштасу қажылығына Мәдинадан аттанған — біз де жолды осы жерден бастаймыз.
8–9 мамыр
Пайғамбар мешіті ﷺ, тарихи орындарға гидпен зиярат, қажылық мектебі: амалдардың реті мен мән-мағынасы. Ұйымдастыру дайындығы және Меккеге аттанар алдында тынығу.
Біздің ұстаным Мақсатымыз — қажы негізгі күндерге шаршап емес, дайын әрі күш-қуатын сақтап жетсін.
Содан соң
Ихрамға дайындалып, вокзалға автобуспен барамыз, Haramain пойызымен — Меккеге. Сонда қарсы алып, қонақүйге жеткіземіз.
13 мамырға дейін
Әл-Харамда құлшылық, демалыс, қажылық сабақтары мен нұсқаулықтар: қайда барамыз, қандай амалдар күтіп тұр, қанша жаяу жүреміз, өзіңізбен не аласыз және күшті қалай бөлесіз. Қала ішінде — Qaid автобустарымен.
Машаир күндері · 8–13 зұлхижжа
14 мамыр 8 зұлхижжа
Қажылықтың негізгі күндері басталады. Минадағы Comfort бағдарламасының шатырлы қалашығына орналасамыз.
15 мамыр 9 зұлхижжа
Қажылықтың басты кезеңі: құлшылық, дұға және Аллаға жалбарыну. Күн батқан соң топ ұйымдасқан түрде Муздалифаға аттанады.
16–19 мамыр 10–13 зұлхижжа
Минаға оралу, Жамарат, жаяу жүрістер және қажылық амалдары белгіленген ретімен. Лагерьден Жамаратқа дейін шамамен 3–4 км — сондықтан демалыс пен тамақты алдын ала ойластырамыз.
20 мамыр
Қонақүйден шығып, Жидда халықаралық әуежайына автобуспен барамыз, Алматыға ұшамыз. Иншаллаһ, қажылық парызын өтеп, үйге ораламыз.
Біздің ұстаным Қажылықтан кейін қажыларды Сауд Арабиясында қажетсіз ұстамаймыз: күш-қуатты үйде қалпына келтірген дұрыс.
Брондау
Standard, Comfort Hajj немесе Sheraton Luxe; 4, 3 не 2 адамдық бөлме (Standard-та — төрт адамдық). Күмәніңіз болса — жазыңыз, бірге таңдаймыз.
Орын $1 000 депозитпен бекітіледі: топтағы орын саны шектеулі. Comfort Hajj-ге толық төлесеңіз — жеңілдік.
Шартқа отырамыз, ҚМДБ бекіткен тәртіппен құжаттарды бірге рәсімдейміз.
Медициналық тексеру және менингитке қарсы міндетті екпе (ACWY).
Семинарлар мен қажылық мектебі: амалдардың реті, не алу керек, күшті қалай бөлу керек.
Standard — 9 мамырда Шымкенттен, Comfort Hajj мен Sheraton Luxe — 7 мамырда Алматыдан. Топпен және сүйемелдеушілермен бірге.
Ең қолжетімді пакет
Қажылыққа керектің бәрі — $6 500: Шымкенттен ұшу, Ajyad ауданындағы қонақүй, қажылықтан кейін — Мәдинада тыныш күндер.
Пакетті қарау
GMC және күшейтілген сүйемелдеу
GMC Yukon XL жеке трансферлері, Әл-Харам жанындағы Sheraton Makkah 5★ және Жамаратқа ≈ 750 м жердегі ALIF лагері.
Пакетті қарауСұрақтар
Жауабын таппасаңыз — жазыңыз, бір адам жауап береді, бот емес.
Сұрақ қоюMaqbas Al Jinn ауданындағы Anan Hotel by Snood-та немесе осы аудандағы сондай деңгейдегі (3–4★) басқа қонақүйде. Осындай деңгейдегі қонақүйде орналастыруға шартта кепілдік беріледі, нақты атауын қажылық бағдарламасы бекітілген соң растаймыз.
Минадағы лагерьден Жамаратқа дейін ≈ 3–4 км. Жүктемеге алдын ала дайындаймыз, демалыс пен тамақты жоспарлаймыз. Жүру қиын болса — Sheraton Luxe-ті қараңыз: онда лагерь Жамаратқа ≈ 750 м.
Haramain жүрдек пойызымен. Вокзалға дейін және вокзалдан — автобуспен, Меккеде қарсы алып, қонақүйге жеткіземіз. Қала ішінде — Qaid жайлы автобустарымен.
flynas немесе Air Astana: 7 мамырда Алматы → Мәдина, 20 мамырда Жидда → Алматы.
Иә, толық төлем жасасаңыз — қомақты жеңілдік. Нақты мөлшерін менеджер айтады.
Пакет пен бөлмені таңдап, өтінім қалдырасыз және орынды $1 000 депозитпен бекітесіз. Содан соң — шарт және құжаттарды бірге рәсімдеу. Қажылық квотасын серіктесіміз Atlas Tourism-нен аламыз, бағдарламаны толығымен Qazaq Sapar қалыптастырады.
1448 жылғы қажылық бағдарламасын Сауд Арабиясының Қажылық және умра министрлігі ресми бекіткен соң. Қонақүй ауысса — деңгейі төмен емес нұсқа ұсынып, әр қажыға толық төлемге дейін алдын ала хабарлаймыз.
Қажылыққа менингококқа қарсы (ACWY) екпе міндетті. Умраға талаптар маусымға қарай өзгеруі мүмкін — сапар алдында қазіргі талапты нақты айтамыз. Созылмалы ауруы барлар дәрігермен кеңескені жөн.
Сауд Арабиясының қазіргі ережесі бойынша 18 жастан асқан әйелдерге махрамсыз умра визасы беріледі. Мәселенің шариғи жағын біздің теолог маманымызбен жеке талқылауға болады — көбіне әйел туысымен немесе отбасылық топпен бару ұсынылады.
Байланыс
Жазыңыз — бөлмелерді, төлем тәртібін және дайындықты түсіндіреміз.